Ақорда

Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Елімізде 22 млрд теңгеден астам әкімшілік айыппұл кешірілді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, 590 мыңға жуық азаматқа қатысты 1 млн 300 мыңнан астам әкімшілік өндіріп алу туралы қаулының күші жойылған. Бұл шара 1 шілдеде Президент қол қойған «Әкімшілік рақымшылық туралы» заң аясында жүзеге асырылды. Құжат жаңа Конституцияның қабылдануына орай әзірленген. Осылайша, тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалды.

«Амнистия – бір реттік ізгілік шарасы. Ол болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер азамат қайтадан құқық бұзса, ол заң талаптарына сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. Ішкі істер министрлігі азаматтарды заң талаптарын сақтауға, өзгелердің құқықтарын құрметтеуге шақырады. Құқық бұзушылық жасамау – жауапкершіліктен сақтанудың ең дұрыс жолы. Ал «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның басты негізі», деді Мұрат Қабденов.

Көп оқылғандар