Сурет: ТСМ
Қазақстанның су добынан ерлер құрамасы Азия ойындарында алтын медаль үшін күресті жалғастыруда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Нагояда өткен ширек финалда қазақстандықтар Оңтүстік Корея құрамасын 18:14 есебімен сенімді жеңді.
Азиялық су добында Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде мықты командалардың қатарында болып, көп жылдар бойы жүлделі орындар үшін таласып келеді.
Енді жігіттерімізді жартылай финалдық бәсеке күтіп тұр.
Айта кетейік, бүгін Азия ойындарында ел қоржынына кезекті алтын медаль түсті. Семсерлесуден ерлер құрамасы құрлықта теңдессіз екенін дәлелдеп, мерейімізді үстем етті.
Сонымен қатар ел қоржынына күміс пен қола салған спортшыларымыздың жетістіктерін Нагоядағы Жарыс күнделігінде тарқаттық.
