Спорт

Қазақстан регби-7 Азия сериясында бесінші орынға тұрақтады

Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қытайдың Сучжоу қаласында регби-7-ден Азия сериясының алғашқы кезеңі аяқталды. Қазақстандық әйелдер құрамасы топтық кезеңде Сингапур мен Өзбекстанды жеңіп, Қытайдан ұтылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ширек финалда Таиландқа 0:43 есебімен есе жіберген отандастарымыз бесінші орын үшін өткен матчтарда Өзбекстанды 29:7 және Үндістанды 17:12 есебімен тізе бүктірді.

Ерлер құрамасы топтық кезеңде Шри-Ланка, Қытай және Оңтүстік Кореядан ұтылып, 9-12-орындар үшін күресті. Онда Үндістанды 28:19 есебімен жеңіп, Сингапурдан 7:17 есебімен ұтылған соң, Өзбекстанды 17:14 есебімен басып озды.

Нәтижесінде Қазақстан ерлер арасында оныншы орынға табан тіреді. Ал жеңімпаздар — ерлерде Гонконг, әйелдерде Жапония атанды.

Сонымен қатар, Бангкокта өткен Азия кубогінде велоспортшыларымыз 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Көп оқылғандар