Сурет: KFF
Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Мажарстан командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ойынның алғашқы таймында қазақстандық футболшылар белсенділік танытты. Олар жоғары қарқынмен қысым жасап, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. 9-минутта Максим Самородовтың пасынан кейін Сергей Малый гол соқты.
Үзілістен соң алаң иелері бастаманы қолға алды. 53-минутта Доминик Собослаи айып алаңына бағытталған пасты пайдаланып, есепті теңестірді.
Алайда қазақстандықтар ойын қарқынын сақтай алмады. 62-минутта Максим Самородов екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.
Сан басымдығын пайдаланған венгриялықтар бес минуттан кейін алға шықты. 67-минутта Андраш Шефер алыстан дәл соққы жасап, Қазақстан қақпасына гол енгізді.
Осыдан кейін ойын тартысты өтті. Кей сәттерде ойын қарқыны жолдастық кездесудің деңгейінен асып түсті.
Кездесудің соңғы нүктесін Раймунд Тот қойды. Ол қосымша уақытта Қазақстан құрамасының қақпасына үшінші голды соғып, есепті 3:1 етті.
Голдар: Сергей Малый, 9 (0:1); Доминик Собослаи, 52 (1:1); Андраш Шефер, 67 (2:1); Раймунд Тот, 90+2 (3:1).
Қазақстан мен Венгрия құрамалары үшін бұл маусымдағы екінші жолдастық матч болды. Бұған дейін Талғат Байсуфинов шәкірттері Армения құрамасымен 1:1 есебімен тең түссе, мажарлықтар Финляндияны 2:1 есебімен жеңген еді.

