Сурет: Egemen Qazaqstan
Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатында топтық сайыстың жеңімпаздары анықталды. Бұл сында 42 елдің спортшылары бақ сынады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасының намысын Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес және Кристина Чепульская қорғады. Олар 51.050 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады. Ал үздік үштікке Бразилия (55.500 ұпай) енді.
Сондай-ақ, жеке жаттығуларда Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетті. Командалық есепте Қазақстан құрамасы 266.650 ұпаймен 11-орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш бойынша алда Бейтарап ел (278.300 ұпай) және Болгария (276.050 ұпай) тұр.
Ертең әлем чемпионатының шешуші күнінде Ақмарал Ерекешева ұршық пен таспамен жаттығулардың финалында жүлде үшін күреседі.
Мазмұнға өту
