Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ-тың Гринсборо қаласында өткен халықаралық жүзу жарысында қазақстандық спортшылар 17 медаль иеленді. Бұл жүлделердің ішінде 13 алтын, 2 күміс және 2 қола бар, деп хабарлайды Egemen.kz-ке сілтеме жасаған Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
София Абубакирова 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медальға қол жеткізді. Ол сондай-ақ 50 метрге шалқалай жүзуде қола жүлдегер атанды. София 4×50 метр және 4×100 метр еркін стильдегі, сондай-ақ 4×50 метрлік аралас эстафетада да алтын медаль иеленді.
Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде жеңімпаз атанды. Ол 200 метрге баттерфляйда күміс, ал 50 метрге баттерфляйда қола жүлде алды. Сонымен қатар спортшы 4×50 метр және 4×100 метр еркін стильдегі, сондай-ақ 4×100 метрлік аралас эстафетада алтын медаль жеңіп алды.
Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзуден алтын медаль алды. Ол сондай-ақ 4×50 метр еркін стильдегі және 4×50 метрлік аралас эстафетада бірінші орынға ие болды.
Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанды. Ол 4×50 метр еркін стильдегі және 4×50 метрлік аралас эстафетада алтын медаль жеңіп алды.
Мазмұнға өту
