Спорт

Қазақстан құрамасы әскери самбодан халықаралық турнирде екінші орынға ие болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мәскеуде әскери қызметшілер арасындағы самбодан алғашқы халықаралық турнир аяқталды. Оған 18 елдің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасында 11 спортшы болды: жеті ер және төрт әйел. Олар Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен Ұлттық ұланның өкілі.

Командалық есепте бірінші орынды Ресей, екінші орынды Қазақстан, үшінші орынды Иран құрамасы алды.

Көп оқылғандар