Сурет: Turizm jane sport ministrligi
Волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионаты Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп, ерлер арасында 16 ұлттық құрама бақ сынады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
С тобында Бразилия, Хорватия және Ирак командаларымен ойнаған Қазақстан құрамасы топтық кезеңді екінші орынмен аяқтап, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
1/8 финалда отандастарымыз Польша құрамасын 3:0 есебімен жеңсе, ширек финалда Руанда құрамасын да 3:0 есебімен ұтты. Жартылай финалда әлемнің ең мықты командаларының бірі саналатын Ираннан 0:3 есебімен жеңілді.
Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде Қазақстан спортшылары Бразилия құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатында қола жүлде иеленді. Жаһандық жарыс осы айдың 10-17 күндері аралығында өтті.
Еске салайық, 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия пара ойындарында параволейболдан еліміздің командасы күміс медаль алған болатын.
Мазмұнға өту
