Сурет: ашық дереккөз
ОПЕК+ елдері қазан айында мұнай өндіру көлемін қыркүйектегі деңгейде сақтауға келісті. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
6 қыркүйекте Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман өкілдері онлайн форматта бас қосып, әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Жеті мемлекет 2026 жылғы қыркүйекке белгіленген өндіріс көлемін қазан айында да сақтау туралы шешім қабылдады.
Қазақстан қыркүйек айында тамызбен салыстырғанда мұнай өндіру көлемін тәулігіне 10 мың баррельге арттырған. Нәтижесінде өндіріс көлемі тәулігіне 1,628 млн баррельге жетті.
ОПЕК+ елдері ынтымақтастық туралы декларация талаптарын толық орындауға бейілді екенін тағы да растады. Сонымен қатар тараптар нарықтағы ахуалды бағалау үшін ай сайын кездесіп тұратын болды. Келесі кездесу 4 қазанда өтеді.
Айта кетейік, бүгін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
