Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан мен Вьетнам саяхат, мәдениет және шығармашылық индустрияларды біріктіретін креативті туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктерін зерттеп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Фам Тхи Тхань Ча ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Негізгі бағыттардың бірі – туристерді дәстүрлі қолөнермен, әдет-ғұрыптармен және ұлттық асханамен таныстыру, сондай-ақ шеберлік сыныптары мен шығармашылық бағдарламаларға қатыстыру.
Сонымен қатар, тараптар кешенді туристік бағыттарды бірлесіп дамытуды ұсынды. Оларға Қазақстан мен Вьетнамның тарихи қалалары, мәдени мұра нысандары, мұражайлар, қолөнер орталықтары, фестивальдер мен заманауи мәдени кеңістіктер кіруі мүмкін.
Мұндай жобалар жаңа туристерді тартып қана қоймай, екі ел арасындағы мәдени алмасуды кеңейтуге де септігін тигізеді деп күтілуде.
