Әлем

Қазақстан мен Өзбекстан автотасымалдау квотасын алып тастауды жоспарлап отыр

Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстан мен Өзбекстан 2026 жылдың соңына дейін халықаралық автотасымалдау үшін қосымша 20 мың рұқсат құжатын алмасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешім Самарқандта өткен Қазақстан-Өзбекстан халықаралық автомобиль қатынасы жөніндегі комиссия отырысында қабылданды.

Тараптар электронды рұқсат құжаттарымен шектеусіз алмасуға көшу мәселесін де пысықтауға келісті. Бұл автотасымалдаушыларға жыл сайын белгіленетін квоталарға тәуелсіз рейстер орындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар тараптар транзиттік рәсімдерді жеңілдету, автомобиль жолдары мен көлік-логистикалық бағыттарды дамыту, сондай-ақ екіжақты және транзиттік тасымалдарға кедергі келтіретін мәселелерді жою жолдарын талқылады.

Көп оқылғандар