Еліміздің мектептерінде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай ережесі пайда болды. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құжат орта білім беру жүйесіндегі цифрлық технологияларды реттейді. Енді әр мектеп ЖИ-ді сабақта қалай қолдану керектігін нақты біледі.
«Бұл – білім сапасын көтеруге бағытталған маңызды қадам. Стандарттар оқушылардың қауіпсіздігі мен деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді», – деді Білім министрлігінің өкілі.
Жаңа ережелер бойынша, мұғалімдер ЖИ-ді тек оқу процесін жеңілдету үшін пайдалана алады. Баға қою немесе шешім қабылдау – тек адамның құзырында.
Батыс Қазақстан облысының мектептері де жаңа стандарттарға бейімделе бастады. Жергілікті білім бөлімі мұғалімдерге арналған семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.

