Спорт

Қазақстан хоккей құрамасы үшінші рет Азия чемпионы атанды

Сурет: Aikyn.kz

Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы Оңтүстік Кореяда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, қатарынан үшінші алтын медальді иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Талғат Жайлауов жаттықтыратын команда турнирдегі барлық үш ойында жеңіске жетті. Шешуші кездесуде Қазақстан Оңтүстік Кореяны буллит сериясында 1:0 есебімен ұтты. Жеңіс әкелген соңғы буллитті Диас Гусейнов енгізді.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Мұхаметов турнирдің үздік шабуылшысы деп танылды. Ол үш ойында екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Осылайша, Қазақстан 2024 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Азия чемпионатының барлық үш турнирінде де топ жарды. Биылғы жарыста Жапония күміс, Оңтүстік Корея қола медальға қол жеткізді.

Көп оқылғандар