Спорт

Қазақстан әртістік жүзуде Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Сурет: Aikyn.kz

Жапонияның Аичи префектурасында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындары аясында әртістік жүзуден жарыстар мәресіне жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш күнге созылған аралас командалық бағдарламада Қазақстан құрамасы қола медальға қол жеткізді. Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша команда 216.7961 ұпай жинап, үшінші орынды иеленді.

Қазақстан құрамасы сапында Виктор Друзин, Даяна Джаманчалова, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Анна Павлетцова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова, Наргиза Болатова және Ясмин Туякова өнер көрсетті.

Үш жаттығудың жалпы қорытындысы: Қытай – 857.5084 ұпай, Жапония – 821.7404 ұпай, Қазақстан – 672.6029 ұпай.

Бұған дейін жұптық жарыста Наргиза Болатова мен Ясмин Туякова техникалық және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 565.7326 ұпай жинап, қола медаль алған еді.

Көп оқылғандар