Спорт

Қазақстан әлемнің үздік дзюдошыларын бір алаңға жинады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда дзюдодан алғашқы халықаралық оқу-жаттығу жиынына 30 елден 700-ден астам спортшы қатысуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

5-15 тамыз аралығында Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында әлемнің үздік дзюдошылары – Олимпиада чемпиондары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері және әлем чемпионаттарының жеңімпаздары бірлескен жаттығулар өткізуде.

Қатысушылар қатарында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев, сондай-ақ Жапония, Грузия, Ресей, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің әлемдік дзюдо жұлдыздары бар.

Халықаралық оқу-жаттығу жиыны алдағы жарыстарға дайындықтың маңызды кезеңі. Осы ретте әлемнің үздік дзюдошылары арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін алаң болып отыр.

Көп оқылғандар