Categories Көңіл ашар

Қазақ тіліне 30 жаңа сөз енді: тұрмыстық заттарға ұлттық атау берілді

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы» байқауының жеңімпаздарын анықтады. Енді қазақ тілінің сөздік қоры 30 жаңа атаумен толықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден астам өтінім келіп түскен. Қатысушылар күнделікті қолданыстағы тұрмыстық заттарға – ыдыс-аяқтан бастап тұрмыс техникасына дейін – қазақша атау ұсынған.

Институт директоры Анар Фазылжанова байқаудың маңызына тоқталды:

«Біздің мақсат – қазақ тіліндегі тұрмыстық зат атауларын жүйелеп, халыққа түсінікті әрі ыңғайлы ету. Жеңімпаз сөздер арнайы комиссияның сараптамасынан өтіп, ресми сөздікке енгізіледі».

Үздік деп танылған атаулардың қатарында «қуаттағыш» (зарядное устройство), «ауатайлағыш» (кондиционер), «тұмшапеш» (микротолқынды пеш) сынды сөздер бар. Бұл атаулар қазақ тілінің сөзжасам заңдылығына сай құрастырылған.

Байқау нәтижесінде таңдалған сөздер алдағы уақытта Тіл білімі институтының онлайн сөздігінде жарияланады. Қазақ тілін дамытуға үлес қосқан барлық қатысушыға алғыс білдіріледі.

Ұқсас жазбалар

Қазақ руханиятына құнды сый: Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнаған сирек суреті табылды

Мұхтар Әуезовтің 1950 жылы тоғызқұмалақ ойнап отырған сирек фотосуреті табылды. Бұл – ұлт руханияты үшін…

Мәдениет саласы креативті индустрияны қалай ілгерілетіп жатыр: Аида Балаева форумда не деді

Астанада Мәдениет және инновация республикалық форумы басталды. Министр Аида Балаева мәдениеттің креативті индустриялардың қозғаушы күшіне…

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды. Іс-шараға еліміздің…