Спорт

Қазақ семсершілері әлем чемпионатында үздік 32 спортшы қатарына ілікті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сайыстың плей-офф кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасының төрт өкілі – Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов үздік 32 спортшының қатарына ену үшін сынға түсті. Руслан Құрбанов Израиль спортшысы Йоханатан Мессика Ламбрейді 15:7 есебімен сенімді жеңді. Ал Кирилл Проходов Финляндия өкілі Керрко Ярвиді 15:5 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Өкінішке қарай, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай жүлде үшін күресті жалғастыра алмады. Вадим Виргин аралдарының өкілі Круз Шембриге 9:15 есебімен есе жіберсе, Ерлік Оңтүстік Корея спортшысы Омин Квоннға 10:15 есебімен жол берді.

Бүгін жарыс жолына қылыш сайысынан Карина Доспай, Айгерім Сарыбай және Анастасия Гулик сынға түседі.

Көп оқылғандар