Басты тақырып

Қазақ футболының аңызы Сергей Рожков 84 жасында дүние салды

Сурет: "Қайрат" ФК

Қазақстан футболының ардагері, «Қайрат» командасының бұрынғы шабуылшысы Сергей Рожков 84 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол өз заманындағы ең мықты шабуылшылардың бірі саналды. 1960-жылдары «Қайраттың» негізгі ойыншысы болып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

«Сергей Рожков – қазақ футболының мақтанышы. Оның есімі әрқашан жүректерде сақталады», – деді Қазақстан футбол федерациясының өкілдері.

Қоштасу рәсімі туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Көп оқылғандар