Categories Спорт

Қазақ дзюдошысы Прагадағы Еуропа кубогында жеңіске жетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Чехия астанасы Прагада өткен European Open 2026 халықаралық турнирінде қазақстандық дзюдошылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шерзод Давлатов чемпион атанды. Финалдық белдесуде ол француз спортшысы Ян Мотоли Бонгамбені мерзімінен бұрын, айқын басымдықпен жеңді.

Сондай-ақ, 60 келіге дейінгі салмақта Нұрәділ Әлжан қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте ол әріптесі Сұңғат Нұрлатұлынан басым түсті.

Ұқсас жазбалар

Канада құрамасы ОАР қақпасына соңғы минутта гол соғып, 1/8 финалға шықты

Канада құрамасы ОАР қақпасына соңғы минутта гол соғып, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Александр Шевченко Уимблдондағы алғашқы кездесуі туралы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында әлемнің төртінші ракеткасы Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі. Ол…

Дзюдодан Еуропа кубогында Ғалымжан Қырықбай чемпион атанды

Чехия астанасы Прагада өткен дзюдодан Еуропа кубогында Қазақстан қоржынына алтын және күміс медаль түсті.