Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан балуандары Моңғолияда өтіп жатқан халықаралық турнирде тағы үш жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Ардақов қола үшін белдесуде оңтүстіккореялық Хёнун Чхвені жеңді. Ал 130 келіге дейінгі салмақта Олжас Сырлыбай үндістандық Джогиндер Ратхиден басым түсіп, қола медаль алды.
Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта Нилуфар Раимова Сингапур спортшысы Даниэль Сью Чинг Лимді ұтып, қола жүлдегер атанды.
Марал Танірбергенова жүлделі орынға іліге алмады, ал Жәмилә Бақбергенова жарақатына байланысты жарыстан шығып қалды.

