Сурет: Ақорда
Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінде кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов осы лауазымнан босатылды.
Еске салайық, бүгін Бақыт Есімова Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сондай-ақ, Президент Абай күнімен құттықтады.
Мазмұнға өту
