Спорт

Қаршыға Дәуітбек 18 шілдеде Хиросимада Кёхэй Хагиварамен жекпе-жек өткізеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Жапонияның «Rizin FF» лигасында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек (18–3) келесі айқасын 18 шілдеде Хиросима қаласында жергілікті спортшы Кёхэй Хагивараға (9–11) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы рет қандасымыз жарты жыл бұрын Сайтама (Жапония) қаласында Юта Кубомен (5–2) кездескен еді. Сол жекпе-жекте жапондық спортшы Қаршығаның көзін шұқып алған соң, төреші бәсекені дереу тоқтатқан болатын.

Көп оқылғандар