Categories Көңіл ашар

Қарқаралыдағы «BaiQymyz» фестиваліне 20 мың турист келді

Сурет: терді түсірген – Евгений ТКАЧЕНКО

Қарқаралы өңірінде өткен «BaiQymyz» этно-гастрофестивалі көпшіліктің назарын аударды. Ұлттық рухты көтеріп, туризмді дамытуға бағытталған шараға 20 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Фестиваль алдында журналистерге пресс-тур ұйымдастырылып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық және туристік әлеуеті таныстырылды. Қарқаралы экономикасының 80 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі, ал 900-ден астам шаруа қожалығының жартысы бие байлап, қымыз өндіреді.

«Қарағанды – Қарқаралы» күрежолының жөнделуі туристер санын арттырды. Былтыр ауданға 20 мыңнан астам турист келсе, биыл бір ғана фестивальге 20 мың адам жиналды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Мусиннің айтуынша, қазір 40-қа жуық демалыс орны бір мезгілде 5 мың адамды қабылдай алады, бірақ инфрақұрылымды жақсарту қажет.

Ұлттық парк ішінде 9-14 жас аралығындағы балаларға арналған этнолагерь жұмыс істейді. Лагерь басшысы Ермек Төлеубаевтың сөзінше, балалар киіз үйлерде тұрып, дала мәдениетімен танысады. Сондай-ақ «PetroRetail PFS» ЖШС 450 млн теңгеге 40 орындық қонақүй салуды жоспарлап отыр.

Қарқаралы туризмінің жаңа нысаны – 75 гектар аумақты алып жатқан «Бұғылы» жобасы. Құны 4,4 млрд теңге болатын кешенге инженерлік желілер тартылып, этноауыл, ойын-сауық паркі, демалыс үйлері мен тау шаңғысы кешені салынады.

Қалада Әлімхан Ермеков атындағы мектеп жанынан демеушілер есебінен 800 шаршы метрлік гүлзар салынып, «Ақындар аллеясы» аталады. Қала әкімі Аслан Рахымбергеновтің айтуынша, тұрғындар қолдаса, Бала Абай мен Құнанбай ескерткіші осы маңға көшіріледі.

Жаңғыртылған №16 өрт сөндіру бөлімі дрон, тепловизор, квадроциклдермен жабдықталған. Ұлттық паркте 18 бақылау мұнарасы жұмыс істейді, жыл соңына дейін 3 жаңа өрт сөндіру посты ашылады. Аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Алмас Ибраевтың сөзінше, бұл құралдар іздестіру-құтқару жұмыстарын жеделдетеді.

Ұқсас жазбалар

Астанада түнгі клубтарда азот тотығын сату фактісі бойынша 30 қылмыстық іс қозғалды

Астанада түнгі клубтарда азот тотығын сату фактісі бойынша 30 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Бибісара Асаубаева жалақының қысқаруы мен орденнің табысталмауына байланысты Президентке үндеу жолдады

Халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева жалақысының үш есеге қысқаруы мен орденнің табысталмауына байланысты Президентке үндеу жолдады.

ФИФА 2026 жылғы Әлем чемпионатының ашылу салтанатын үш елде өткізеді

ФИФА 2026 жылғы Әлем чемпионатының ашылу салтанатын үш елде өткізеді. Алғашқы рәсім Мехикода, екіншісі Торонтода,…