Сурет: Egemen Qazaqstan
Буркина-Фасо құрамасының қорғаушысы Бен Загре 27 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылы футболшыға онкологиялық ауру диагнозы қойылған еді. 2026 жылдың көктемінде оның аяғы ампутацияланды. Кеше жүрегі тоқтады.
Загре 2023 жылы «Қайсар» сапында 23 матч өткізіп, 3 гол соққан.
Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз.

