Сурет: Egemen Qazaqstan
Бүгін Алматының «Қайраты» УЕФА Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Болгарияның «Левски» клубымен сырт алаңда кездеседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу Софияда өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
«Қайрат» алғашқы іріктеу кезеңінде «Сутьесканы» екі матч қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңді. Екінші кезеңде «Омониямен» негізгі уақытта 1:1 тең түсіп, пенальти сериясында 6:5 есебімен басым түсті.
«Левски» бірінші кезеңде «Борацты» 5:1 есебімен ұтса, екінші кезеңде «Университатяны» 3:2 есебімен жарыстан шығарды.
Мазмұнға өту
