Сурет: Egemen Qazaqstan
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Черногорияның «Сутьеска» командасын 2:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. 76-минутта «Қайрат» қорғаушысы Лукас Африкон есеп ашты. Алайда 90-минутта қонақтар сапынан Марко Мрвалевич есепті теңестірді.
Қосымша уақытта алматылық клубтың шабуылшысы Марк Гуаль екінші голды соғып, командасына маңызды жеңіс әперді. Айта кетейік, «Қайрат» 33-минутта да гол соққан еді, бірақ төреші офсайдты тіркеп, голды есепке алмады.
Қарымта кездесу 15 шілдеде Черногорияда өтеді. Оның нәтижесінде келесі іріктеу кезеңіне жолдама алатын команда анықталады.
Мазмұнға өту
