Сурет: «Қайрат» футбол клубы
Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу Черногорияның Никшич қаласындағы «Градски» стадионында өтті. Ойынның алғашқы минуттарында «Қайрат» футболшылары бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды.
Екінші таймда «Сутьеска» қысым көрсеткенімен, алматылықтар қорғаныста сенімді ойнап, қарсыластың қақпашысы жіберген қателікті тиімді пайдаланды. 68-минутта «Қайрат» ойыншысы Исмаил Бекболат есеп ашса, 80-минутта Жоржиньо пенальтиден дәл соққы жасап, командасының басымдығын еселей түсті. 79-минуттан бастап алаң иелері он ойыншымен ойнауға мәжбүр болды, себебі Черногориялықтар сапынан Андрия Ражнатович екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.
Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті. Келесі кезеңде алматылық клуб Кипрдің «Омония» командасымен кездеседі.
Мазмұнға өту
