Спорт

Қайрат Боранбаев халықаралық зағиптар спорт федерациясының атқарушы кеңесіне мүше болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт федерациясының (IBSA) атқарушы кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешім 2026 жылғы 3 тамызда IBSA Атқарушы кеңесінің отырысында қабылданды. IBSA — көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында спортты дамытуға және олардың халықаралық жарыстарға қатысуына жағдай жасауға бағытталған халықаралық ұйым. Федерация құрамына әлемнің 100-ден астам еліндегі ұлттық спорт ұйымдары кіреді.

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, Қайрат Боранбаевтың IBSA-ның басқарушы органына мүше болуы Қазақстанның халықаралық паралимпиадалық қозғалыстағы рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ бұл тағайындау халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, көру қабілеті бұзылған спортшыларды қолдауға бағытталған жобаларды дамытуға және Қазақстанның әлемдік параспорт саласындағы бастамаларға белсенді қатысуына жол ашады.

Көп оқылғандар