Сурет: Ашық дереккөз
Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарына байланысты Астананың бірқатар көшелерінде 25-29 мамыр аралығында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шара сапар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Қала тұрғындары мен қонақтарына алдын ала бағдарларын өзгертуге кеңес беріледі.
Қозғалыс шектелген көшелердің нақты тізімі мен уақыттары әлі жарияланған жоқ. Қала әкімдігі қосымша ақпаратты жақын арада хабарлайды.

