Сурет: Egemen Qazaqstan
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында екі ел арасындағы қарым-қатынас туралы мақала жазды. Онда ол ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағына тоқталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мақалада Путин Ресей мен Қазақстанның стратегиялық серіктестігін ерекше атап өткен. Оның айтуынша, екі ел экономика, энергетика және қауіпсіздік салаларында тығыз байланыста.
«Біздің ортақ мақсатымыз – Еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз ету», – делінген мақалада.
Путин сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өсіп келе жатқанын, әсіресе өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы бірлескен жобаларды атаған. Ресей президенті мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңызына да тоқталған.

