Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы құқықтық режимі бар, қарқынды дамитын аумақ болып бекітілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Дүние жүзінен инвестиция тарту және Алатауды халықаралық іскерлік орталықтардың біріне айналдыру үшін нормативтік база жасақталды. Президент бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында мәлімдеді.
Президенттің пікірінше, жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық дербестікті нығайту экономика мен мемлекеттің ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз ету үшін ерекше маңызға ие.

