Сурет: Egemen Qazaqstan
Чехия астанасы Прагада дзюдодан Еуропа кубогі өтті. 60 келі салмақ дәрежесінде Шерзод Давлатов чемпион болса, Нұрәділ Әлжан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
100 келіден жоғары салмақтағы балуандар арасында Ғалымжан Қырықбай финалда жерлесіміз Жантілек Нұртілепұлымен белдесіп, Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды. Әйелдер сынында Тасним Әбдуәли (48 келі) қола жүлде үшін күресте неміс спортшысы Хелен Хабибке есе жіберді.

