Сурет: Getty Images
Әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия құрамасы Испаниядан жеңіліс тапқаннан кейін бас бапкер Роберто Мартинес қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында маман ұлттық құрама алдына тек чемпион атану міндеті қойылғанын, бұл мақсат орындалмағандықтан жұмысын жалғастыра алмайтынын жеткізді.
«Мен Португалияға әлем чемпионы атану үшін келдім. Егер бұл мақсатқа жете алмасақ, әрі қарай жұмыс істеудің қажеті жоқ деп санаймын. Президент әрдайым менің жұмысыма қолдау көрсетті, алайда келісімшартым бүгін аяқталды», деді Мартинес.
Роберто Мартинес Португалия құрамасын 2023 жылдың қаңтарынан бастап жаттықтырды. Оның жетекшілігімен құрама 2025 жылы УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды.
АҚШ-тың Даллас қаласында өткен кездесуде Испания құрамасы Португалияны 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды Микель Мерино соқты. Ширек финалда Испания құрамасы Бельгия құрамасымен ойнайды.

