Сурет: Egemen Qazaqstan
Португалия құрамасы мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы топтық кезеңнің алғашқы ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесудің алтыншы минутында Жоау Невеш есеп ашты. Бірінші таймның қосымша уақытында Йоан Висса әлем біріншілігіндегі алғашқы голын соғып, есепті теңестірді.
Криштиану Роналду бұл кездесуде мардымды ойын көрсете алмады. Whoscored статистикалық порталының мәліметінше, бірінші таймда шабуылшының аяғына доп небәрі 16 рет тиген. Бұл Португалия құрамасының алаңдағы ойыншылары арасындағы ең төмен көрсеткіш болды. Дәл осындай нәтижеге қақпашы Диогу Кошта ие болған.
Екінші таймда қарсыластар есеп айырмасын ұлғайтуға ұмтылғанымен, нәтиже болмады. Осылайша, Португалия құрамасы Конгомен ұпай бөлісті.
Португалия құрамасы K тобындағы екінші кездесуінде Өзбекстанмен доп тебеді. Ал өзбектер бүгін бірінші ойынын таңғы сағат 7:00-де Колумбия құрамасына қарсы өткізеді.

