Сурет: Championat.com
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында K тобындағы Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамалары арасындағы кездесу тең нәтижемен аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жанкүйерлер португалиялықтардың жеңіске жететінін болжаған еді. Криштиану Роналду бастаған команда африкалық қарсыласын оңай тізе бүктіреді деген күтулер болғанымен, ойын тартысты өтті.
Кездесуде алғашқы минуттардан Португалия белсенділік танытты. Жылдам гол соғуға ұмтылған олар 6-минутта Жоау Невештің дәл соққысымен есеп ашты. Алайда конголық футболшылар теңестіруге тырысып, 45-минутта Йоан Висса өз құрамасының алғашқы голын соқты. Осылайша матч 1:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет үш елде — АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында 16 қалада ұйымдастырылады. Бұл FIFA тарихындағы ең ауқымды чемпионат болмақ, себебі топтық кезеңде 48 ұлттық құрама бақ сынайды.

