Спорт

Португалия чемпионатында футболшыларға арналған арнайы белгілер енгізілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Португалия футбол чемпионатында жаңа ерекшелік пайда болды. Осы маусымнан бастап ойыншылардың жейдесінде олардың жеке жетістіктерін көрсететін арнайы белгілер орналастырылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Белгілер бірнеше санатқа бөлінеді:

Үздік ойыншы – чемпионаттың үздік футболшысы атанған ойыншыларға беріледі.

Үздік сұрмерген – маусымның ең нәтижелі шабуылшысына арналған белгі.

Үздік қақпашы – чемпионаттағы үздік қақпашыға беріледі.

Legacy – португал футболына елеулі үлес қосқан, мол тәжірибесі мен еңбегі бағаланған футболшыларға арналған арнайы белгі.

Жаңа жүйе ойыншылардың жеке жетістіктерін жанкүйерлерге бірден көрсетуге және олардың футболдағы еңбегін айрықша атап өтуге мүмкіндік береді.

Көп оқылғандар