Сурет: видеодан алынған кадр
Польшаның Краков қаласында болған атыс салдарынан бес адам қаза тауып, кемінде 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Зардап шеккендердің қатарында екі полиция қызметкері бар.
Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері, өрт сөндіру бөлімшелері және санитарлық авиация тікұшағы жеткізілді. Атыс кезінде адамдар жақын маңдағы дүкендер мен дәмханаларға тығылған.
Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адамның әрекетіне не себеп болғаны және оқиғаның өзге де мән-жайы тексеріліп жатыр.
Айта кетейік, Орегон штатының Бенд қаласындағы полиция жергілікті бастауыш мектепте атыс болғанын растады. Оқиға салдарынан мұғалім мен үш бала көз жұмды. Балалардың жасы 5, 8 және 11-де болған.
Мазмұнға өту
