Қаржы

Полиция азаматтарды дропперлік схемаға тартылудан сақтандырады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Полиция азаматтарды дроппер ретінде заңсыз қаржылық операцияларға тартатын алаяқтық схема туралы ескертеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Дропперлер — бұл сыйақы үшін қылмыстық жолмен табылған ақшаны аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін өз банктік карталарын, шоттарын немесе банк қосымшаларына кіру рұқсатын ұсынатын адамдар. Қаскөйлер «оңай табыс табуды» уәде етеді, бірақ іс жүзінде адам заңсыз қаржылық операциялардың қатысушысына айналады.

Қазақстанда дропперлер арқылы 112 млрд теңгеден астам заңсыз операциялар жүргізілген. Полиция банктік карталарды, шот реквизиттерін, растау кодтарын және мобильді банкингке кіру мүмкіндігін бөгде тұлғаларға бермеуге шақырады.

Петропавлда 120 млн теңгені қолды қылған дропперлер сотталды. Есіңізде болсын: шотыңызды қылмыстық схемада пайдалану ауыр құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Көп оқылғандар