Сурет: Egemen Qazaqstan
Перуде туристер мінген жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бортта Италия, Германия және Испания азаматтары болған. Экипаж мүшелері Перу азаматтары.
Ұшақ әлемге әйгілі Наска геоглифтерін әуеден тамашалауға арналған экскурсиялық рейске шыққан.
Апат алдында ұшқыш дабыл белгісін жіберген. Алайда бірнеше минуттан кейін ұшақпен байланыс үзілген.
Мазмұнға өту
