Әлем

Перуде магнитудасы 6,7 жер сілкінісі болды

Сурет: istockphoto.com

Перудің орталық бөлігінде магнитудасы 6,7 жер сілкінісі тіркелді. Дүмпулер астана Лимада да сезіліп, тұрғындар үйлерінен шығып, көшеге қашты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісі 21 қарашада Гринвич уақытымен 00:09-да, Астана уақытымен 05:09-да болған.

Алдын ала деректер бойынша, эпицентр оңтүстік ендіктің 10,85 және батыс бойлықтың 75,98 градусында орналасқан. Ошақ 108 шақырым тереңдікте жатқан.

17 қарашада Оңтүстік Кореяның Кёнсан-Пукто провинциясында магнитудасы 3,6 жер сілкінісі болғанын еске саламыз.

Көп оқылғандар