Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары – 2026» аясындағы Dota 2 турнирінде Перудің PlayTime командасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Финалда перулік ұжым Қытайдың Yakult Brothers командасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
«Болашақ ойындары» турнирі 85 миллион қаралым жинады.
Чемпион атанған PlayTime командасы жалпы жүлде қоры 1 миллион долларды құрайтын турнирде 350 мың доллар сыйақы алады. Ал екінші және үшінші орын иегерлеріне тиісінше 160 мың және 120 мың доллар табысталады.
Мазмұнға өту
