Сурет: Egemen Qazaqstan
Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі Telegram негізін қалаушы Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның айтуынша, Дуров терроризмге жәрдемдесті деген айыппен іздестірілуде. Айып тағуға Telegram әкімшілігінің украиналық арнайы қызметтер пайдаланған арналарды уақтылы жоймауы себеп болған.
Арнайы қызметтер танысу сервисі арқылы жастарды алдап, қоғамдық орындарға шақырып, заңсыз әрекеттерге итермелеген. Бастапқыда өзін қыз ретінде таныстырған адамдар ресейлік жастармен байланысып, кездесуге шақырған және сыйлықтар ұсынған. Кейін оларға құқық қорғау органдарының өкілі ретінде таныстырылған басқа адамдар хабарласқан.
Ресей арнайы қызметінің мәліметінше, азаматтарға жіберілген қаражат Украина Қарулы күштеріне аударылғаны және геолокациялар әскери мақсатта пайдаланылғаны туралы жалған ақпарат берілген. Осыдан кейін психологиялық қысым көрсету арқылы оларды шабуылдар мен өрт қоюға тартуға тырысқан.
Қазіргі уақытта Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланғаны хабарланды. Дуровтың немесе Telegram компаниясының ресми ұстанымы әзірге жарияланған жоқ.
Мазмұнға өту
