Сурет: Egemen Qazaqstan
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Астанада өткен Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздарына жалпы сомасы 106,5 мың доллардан асатын сыйлық табыстайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы 2-8 тамыз аралығында Астанада өтті. Бұл байқау Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылды.
Олимпиадаға әлемнің 106 елінен шамамен 500 оқушы, тәлімгер және қазылар алқасының мүшелері қатысты.
Командалық есепте бірінші орынды Ресей құрамасы иеленді. Ал жеке есепте ресейлік Артём Горохов жеңімпаз атанды. Екінші орын Қазақстан өкілі Дәужан Бекетовке бұйырды. Осылайша қазақстан оқушылары халықаралық деңгейдегі байқауда күміс жүлдеге ие болды.
Мазмұнға өту
