Сурет: АР
Армения премьер-министрі Никол Пашинян елінің болашағын Еуропалық одақпен байланыстыратынын мәлімдеді. Оның болжамынша, Армения алдағы 20 жылда ЕО құрамына кіруі мүмкін. Бұл туралы ол Дублинде өткен Халықаралық және еуропалық істер институтындағы кездесуде айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Арменияны 20 жылдан кейін қай жерде көремін? Мен Арменияны Еуропалық одақ құрамында елестетемін», деді Никол Пашинян.
Армения парламенті 2025 жылғы наурызда Еуропалық одаққа қосылу процесін бастау туралы заң қабылдады. Ал 2026 жылғы мамырда Ереванда Армения мен ЕО арасындағы алғашқы саммит өтіп, тараптар 44 тармақтан тұратын бірлескен декларацияға қол қойды.
Айта кетейік, жуырда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер Арменияны ұйымдағы дауыс беру құқығынан айыру туралы шешім қабылдады. ҰҚШҰ бұған Ереванның бірнеше жыл бойы ұйым алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамауы себеп болғанын мәлімдеді.
Мазмұнға өту
