Categories Спорт

Парагвайдан жеңілген Түркия плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Парагвай құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Түркияны 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Матиас Галарса ойынның 2-минутында жалғыз голды соқты. Парагвайдың жартылай қорғаушысы Мигель Альмирон Түркия ойыншысымен сөз таластыру кезінде аузын қолымен жауып сөйлегені үшін қызыл қағаз алды. Бұл ереже әлем чемпионатында қолданысқа енгізілген.

Бұған дейін Австралиядан 0:2 есебімен жеңілген Түркия плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін жоғалтты. Парагвай екі ойыннан кейін үш ұпай жинады. Турнир кестесінде АҚШ құрамасы алты ұпаймен көш бастап, 1/16 финалға мерзімінен бұрын жолдама алды.

Келесі турда Түркия АҚШ-пен, ал Парагвай Австралиямен кездеседі. Австралияның да үш ұпайы бар.

Ұқсас жазбалар

Бокстан әлем Кубогында екі қола жүлде жеңіп алдық

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан әлем Кубогы кезеңінің жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Бұл сында екі…

Виктор Друзин Әлем кубогының суперфиналында қола жүлдегер атанды

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Виктор Друзин Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының суперфиналында…

Әлем чемпионатының екінші турында 11 гол соғылды

Әлем чемпионатының екінші турында 11 гол соғылып, «А» және «В» топтарында тартысты матчтар өтті.