15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Астанада ерекше шара ұйымдастырылды. Қала әкімдігінің қолдауымен №119 мектепте отбасылық психологияға арналған танымдық семинар өтті.
Шараға отбасы құндылықтарын нығайтуға ниетті жүздеген адам жиналды. Мамандар отбасындағы түсіністік, жанжалдарды шешу жолдары мен бала тәрбиесіндегі психологиялық аспектілер туралы айтты.
«Отбасы – қоғамның негізі. Біз әрбір отбасының берік болуына үлес қосқымыз келеді», – деді семинарды ұйымдастырушылардың бірі.
Семинар барысында интерактивті тренингтер мен практикалық кеңестер берілді. Қатысушылар психологтарға сұрақ қойып, жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады деп жоспарлануда.
Мазмұнға өту
