Әлем

Ормұз бұғазында коммерциялық кемелер саны күрт азайды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Иран мен АҚШ арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты Ормұз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелер саны үшінші күн қатарынан төмендеп келеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Теңіз тасымалын бақылайтын Windward компаниясының дерегінше, соңғы 12 сағатта бұғаздан тек алты кеме өткен. Бұл көрсеткіш бірнеше күн бұрын 22 кемені құраған еді.

Сарапшылардың пікірінше, ресми кеме қозғалысы азайғанымен, жасырын транзит көлемі артып отыр. Қауіпсіздік мақсатында кейбір экипаждар GPS-транспондерлерін өшіріп, бағыттарын құпия ұстауда. Қазіргі уақытта мұндай кемелер жалпы трафиктің шамамен 40 пайызын құрайды.

Ормұз бұғазы әлемдік мұнай тасымалының негізгі бағыттарының бірі болғандықтан, өңірдегі геосаяси шиеленіс халықаралық теңіз саудасы мен энергетикалық нарыққа тікелей әсер етеді.

Көп оқылғандар