Басты тақырып

ОРАЛДЫҚ БОКСШЫЛАР МЕН БАПКЕРЛЕРГЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Орал қаласында бокс спортына үлес қосқан спортшылар мен бапкерлер марапатталды⠀

Салтанатты жиынға БҚО бокс федерациясының президенті Бауыржан Каримов, «Ақжайық» спорт клубының директоры Дамир Қалақов, федерацияның президенті Қуаныш Уахасов, бокс жанашырлары мен спортшылар қатысты.

⠀ Қуаныш Уахасов «ҚР боксын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.⠀

Пәтер кілттері табысталғандар:

• Азия чемпионатының күміс жүлдегері Даниял Сәбит

• Әлем чемпионы Өнер Сейілхан

• Жеке бапкері Берік Жарылқасын

• Облыс құрамасының аға бапкері Саттар Сұлтанғали

⠀Сонымен қатар, «Arena», «Олимп», «Алмазбек» клубтарының басшылары мен 35 үздік боксшыға арнайы спорттық киімдер табысталды.

⠀Үздіктер облыстық бокс федерациясының алғыс хаттарына ие болды.

 

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *