Оралда Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» атты патриоттық акция өтті

Орал қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ерекше форматтағы патриоттық акция ұйымдастырылды. Аталған шараны «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қоры ұйымдастырып, қала тұрғындарын мемлекеттік рәміздер тақырыбына тартып, өзгеше үлгідегі байланыс орната білді.

Акция «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» деген ұранмен өтіп, іс-шараның басты идеясын айқындады.

Акция барысында еріктілер қала тұрғындарына мемлекеттік рәміздеріміздің тарихы мен мағынасына қатысты сұрақтар қойды. Көптеген қатысушылар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенділік танытты.

Сауалдарға дұрыс жауап бергендерге патриоттық мазмұндағы естелік сыйлықтар — блокноттар, төсбелгілер, шағын тулар мен басқа да кәдесыйлар табысталды. Бұл азаматтарды ынталандырып, ел тарихын тереңірек білуге қызығушылық тудырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты — жастар мен қала тұрғындары арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттау ғана емес, сонымен қатар отансүйгіштік рухты қалыптастыру, елге деген мақтаныш пен құрмет сезімін арттыру болды.

Шараға қатысушылар мұндай бастамалардың, әсіресе жас буын үшін, аса маңызды екенін атап өтті. Себебі, мемлекеттік рәміздерді білу — жай ғана формалдылық емес, азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

 

 

Ұқсас жазбалар

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…