Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды

2026 жылғы 3 наурызда Жайық арена спорт кешенінде республикалық референдум қарсаңында ауқымды жастар форумы өтті. Іс-шараға Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысынан 4000-нан астам жас жиналды.

Форум заманауи форматта ұйымдастырылып, Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы кеңінен талқыланды. Спикерлер жаңа Конституция жобасы саяси жүйеге, экономикаға және қоғамдық келісімге әсерін атап өтті. Қатысушылар референдумның маңызын қолдап, белсенді позиция танытуға дайын екендерін білдірді.

Кештің әсерлі сәті – 2000 фонариктен құралған «таңдау» символы. Дронмен түсірілген көрініс жастардың бірлігі мен ортақ ұстанымын айшықтады. Әлеуметтік желіде #БізҚолдаймыз хештегі кең қолдау тапты.

Мәдени бағдарламада Rafa, Алина Герц және хедлайнер Нұржан Керменбаев өнер көрсетті.

Форум соңында мыңдаған жас «Атамекен» әнін бірге орындап, жаңа Конституцияны қолдайтынын және ел болашағына бейжай қарамайтынын нақты көрсетті.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…